Құл-Мұхамед Рахымғали Абрарұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құл-Мұхамед Рахымғали Абрарұлы — (1967 жылы туған) — баспагер, философия ғылымдарының кандидаты, "Атамұра" корпорациясының бірінші вице-президенті.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

ҚазМУ-дың философия-экономика факультетін (1994), Абай атындағы Қазақтың Ұлттық педагогикалық университетінің заң факультетін (1998) бітірген. 1994-1997 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінде жауапты қызмет атқарды. 1997 жылдан "Атамұра" корпорациясының бірінші вице-президенті. 2000 жылы Қазақтың дәстүрлі ұлттық мәдени құндылықтарын зерделеп, кандидаттық диссертация қорғады. Бір монографияның және жиырмадан астам ғылыми, ғылыми-көпшілік мақалалардың авторы.

Рахымғали Құл-Мұхаммед "Атамұра" корпорациясының "Атамұра" Полиграфия комбинаты, "Атамұраторгснаб" жабдықтау кәсіпорны, "Атамұратранснаб" көлік мекемесі, жаңа буын оқулықтарының электрондық нұсқасын дайындайтын "IT Орталығының" қызметтерін үйлестіріп отырады. "Атамұра" баспасынан шығатын жалпы білім беретін мектептерге арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін әзірлеу, басып шығару және республика мектептеріне жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Корпорациянын жас ғалымдар мен студенттерге, озат оқушыларға стипендияларын тағайындап, жыл сайын әдебиет пен өнер саласындағы үздік шығармаларға, білікті мамандарға ынталандыру сыйлықтарын табыс етеді. "Атамұраның" қазақ күресі, ұлттық айтыс өнерін жаңғырту және әлеуметтік-мәдени демеушілік ісшараларын жүзеге асырып отырады.

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}