Құлыш Түменбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құлыш Түменбайұлы<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>(1807, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылы – 1897) – би, қажы. Даңұлы Түменбайдың отбасында өмірге келген Құлыш жеті жасында Әлім Аққұлы бидің аузына түйінді сөз салып, жылқылы байлар Өте мен Бегалының арасындағы дауды шешкен. Құлыш ата қоныс – жер мен мал дауының адайлар мен түрікмендер арасындағы дауда қарсыласы Жапақсарыны жеңіп, 1000 түйе олжамен оралған адам. Иса-Досан көтерілісі жеңілгеннен кейін патша үкіметінің шақыруымен Петербургке барған, көптеген жеңілдіктер алып, келісім жасасқан есен Ерменбет, шоңай Құлыш би, ақбота Қабыл, беріш Бердалы екеніне тарих куә. 1874 жылы Маңғыстау болысына басқарушы болды. Ол алғашқылардың бірі болып өз қаржысына Жыңғылдыдан медресе, мешіт салып, елді сауаттандыруға ат салысқан ағартушы, мәдениеттің ұрығын себуші. Маңғыстау топырағынан патша үкіметінің арнайы рұқсатымен тұңғыш рет Мекке, Мединеге сапар шегіп, қажы атанып елге оралған. Бейіті Жыңғылдыдағы «Сарытөбе» қауымында. Бүгінде Құлыш бидің мешіті тұрған жер кеңейтіліп, қазіргі заманға лайық мешіт үйі тұрғызылған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Құлыш Түменбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}