Құлтума Сармұратұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құлтума Сармүратұлы (1860, Ақмола облысы Қорғалжын ауданы - 1915, сонда) - ақын, әнші, композитор. Біржан сал, Ақан серілердің әншілік дәстүрін қуған. Шөже, Орынбай ақындармен өнер сайысына түскен. Ел-жер аралап өнер көрсетіп, ән салған. Құлтуманың "Дөңбек", "Пау-ой", "Демалыс", "Жамал-Шамшид", "Тау қиялап", "Үш көтерме", "Шайқалма", "Соқпай соқ", "Құла атым", т.б. әндері белгілі болған. Бірақ көптеген әндері ұмыт болған. Құлтума әндерін насихаттағандар Қ.Бабақов (нотаға түсірткен), Ғ.Айтбаев, Қ.Лекеровтер болды. Құлтуманың "Үш көтерме", "Тау қиялап" әндерін А.Жұбанов пен Л.Хамиди "Абай" операсында пайдаланды. Құлтума әндерін әнші Қ.Байбосынов та орындайды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}