Құлжан қожа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Құлжан қожа (т.-ө.ж. б.) - Абайдың замандасы, ақын. Тобықты руынан. Оның өлеңдері ел арасына ауызша көп тараған. Абай Құлжан қожа өлеңдерін қадағалап отырған. Бірде жүзбе-жүз кездесіп қалғанда Абай оған: «Сізді жұрт өлеңші деп жүр. Дүние жаратылысты қалай сипаттар едіңіз?» - деп, сынамақ болады. Сонда Құлжан қожа:

Тоғыз ай, он күндей адамдық құрсағында бердің жайды,
Көрсетпей асырадың күн мен айды.
Ақылы мен зияны жеткен адам,
Дүниеде кемшілікті қайғырмайды.
Қайғыдан кісі өлмейді, есің танар,
Ауыздан түтін шықпас, ішің жанар.
Дүние қашып жүрген қызыл түлкі,
Түлкі қуған күн батқанын білмей қалар,

- дейді. Абай ақынға ризалық білдіріп, құрмет көрсетеді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ

энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub