Құлақтүбі безі немесе шықшыт безі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу
Сурет:Illu quiz hn 02.jpg
Құлақтүбі безі немесе шықшыт безі
Құлақтүбі безі немесе шықшыт безі (околоушная железа); (Үлгі:Lang-la — құлақтүбі безі) — сыртқы

есту жолының төменгі жағын ала жақ пен атлант аралығында орналасқан көлемді без. Құрылысы жағынан күрделі көпіршікше-түтікше бездерге жатады. Ол өзінен сірлі сілекей бөледі. Шықшыт безі көптеген бөлікгерден тұрады. Бұл бөліктерден басталатын өзектер өзара бірігіп, шықшыт безінің жалпы өзегін (ductus parotideus) түзеді. Ол жақаралық кеңістіктегі қанатша бұлшықеттің медиальды бетімен алға қарай ұрт аумағына бағытталып, төменгіжақтың вентральды бетіндегі тамырлы ойық арқылы төменгі жақ сүйектің латеральды бетіне шығады. Бүдан соң, ол үлкен шайнау бүлшықеттің алдыңғы жиегімен жоғары қарай көтеріліп, 3-4-жоғарғы азу тістерінің деңгейінде ұрттың кілегейлі қабығындағы бүртікке (papilla parotidea) ашылады. Түрлі жануарларда бездің пішіні мен мөлшері түрліше келеді.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub

es:Parótida