Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Құлахмет Қоңырқожаұлы Қожықов (22.11.1914 жылы туған, қазіргі Шымкент облысы, Түркістан ауданы - 1986 жылы қайтыс болды) — суретші. ҚазССР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері. Қазақтың тұңғыш театр суретшісі, график, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1966), 1934-36 жылы Ленинградтың М.Горький атындағы Үлкен театры жанындағы көркемсурет студиясында (В.М.Ходасобич, А.Г.Тышлер, М.З.Левиннен) оқыды. 1932-1934 жылдары Қазақтың драма театрында, 1943-50 жылдары "Қазақфильмде" суретші болды. 1950-1955 жылдары "Жазушы" баспасында бас суретші. 1970—1973 жылдары Қолөнері мұражайының директоры қызметін атқарды. 1958 жылы ғылыми көпшілік "Қазақ қолөнер шеберлері" фильмін қойды. Көптеген спектакль (Әуезовтің "Еңлік-Кебегі", Майлиннің "Талтаңбайдың тәртібі", Шекспирдің "Отеллосы" т.б.), опера (Жұбанов пен Хамидидің "Абайы") мен фильмдердің ("Жамбыл", "Біз Жетісуданбыз". "Атамекен") декорация эскизі мен киім-кешек үлгілерін жасады. Кітап көркемдеу ісімен шұғылданды.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref>
Ол Қазақ драма театрында М. О. Әуөзовтың романы бойынша қойылған «Абай» спектаклін (1940) безендірді. «Абай» операсында 16 костюмнің үлгісін(акварель, 40х25) және 5 декорация (1944, фломастер, темпера), сондай-ақ, «Абай әні» кинофильмінде 22 костюмнің(1945, акварель, барлығы Әуөзовтың музей-үйі қоры) үлгісін жасады. Ол Абайдың «Қыс», «Көктем» атты өлендеріне арнап (1944-1948) шағын иллюстрациялар (сия, қағаз, қалам, автор отбасының қоры), 1954 жылы Абайдың өлеңцер жинағының мүқабасын, бірінші бетін, 6 иллюстрация (акварель), Абайдыңдастаны, өлеңдері, аудармаларына (1953, ксилография), тақырыпттарына суреттер салды.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref> 1-дәрежелі Отан соғысы, Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапаттадған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>
Дереккөздер
<references/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Bio-stub