Құланкетпес аңғары

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Аңғар Құланкетпес аңғарыМайжарылған таулары мен Балқаш көлінің оңтүстік-батыс аралығында жатқан Сарыбастау өзенінің төменгі ағысындағы аңғар.

Географиялық орны, жер бедері

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданының шығысында, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 15 км-ге созылып жатыр, енді жері орта тұсында 8 км-ге жетеді. Аумағы 35 км2. Көктем және күз айларында аңғарды шалшық су басып жатады.

Өсімдігі

Шөл далаға тән сұрғылт топырағында боялғыш, күйреуік, теріскен, көде, ажырық, құрақ шоғырлары, т.б. шөптесіндер қалыптасқан. Шөбі шүйгін сулы өңірге құландар көп жиналған.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер