Құдышева Шайзада Оңайбекқызы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құдышева Шайзада Оңайбекқызы — 1949 жылы 12 қаңтарда туған. <ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, «Білім» баспасы. 2005 ж. – 576 бет. ISBN 9965-09-134-Х </ref>
Мектепті бітіргеннен кейін Мәскеу полиграфиялық институтына оқуға түсіп, 1966-1971 жылдар арасында осы институттың технология факультетінде полиграфиялық өндірістің инженер-технологы мамандығы бойынша оқиды.
- 1971-1974 жылдары №2 баспаханада басу цехының шебері болып істеді. Кітап фабрикасының «Кітап» өндірістік бірлестігінде еңбек еткен жылдары басу цехының бастығының орынбасары, бастығы, техникалық бақылау бөлімінің аға инженері, координация, кооперация бойынша өндірістік бөлімнің инженер-технологы қызметтерін атқарды.
- 1990 жылы «Ана тілі» баспасының өндіріс бөліміне бас маман болып ауысып, 1992 жылға дейін жұмыс істеді.
- 1992-1995 жылдары «Блок» жобалық-құрылыстық фирмасының редакция-баспа бөлімінің меңгерушісі болды.
- 1995-1998 жылдары «Машиналар және полиграфиялық өндіріс технологиясы» кафедрасында аға оқытушы болып сабақ берді.
- 1998-2001 жылдар – «Кинетика» ЖШС-ның бас технологы.
- 2001 жылдан қазіргі уақытқа дейін «AZ PRINT CENTRE» ЖШС-ның бас технологы.
Дереккөздер
<references/>