Құдаш Сәйфи

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құдаш Сәйфи (1894-1993) - Башқұртстанның халық ақыны. Әр жыдларда жазған мақалаларында, естеліктерінде Абай есімін қастерлеп, оның шығармаларынан үзінділер келтіріп отырған. С-дің бұл саладағы еңбектері «Жастық шақтың ізімен» (А., «Жазушы», 1984) деген естеліктерінде топтастырылған. «Ақмоланың өзімен үндес, ағартушы ұлы ақын Абайдың: <poem> «Көп адам дүниеге бой адырғал, Бой алдырып аяғын көп шалдырған. Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы, Өлмейтұғын артында сез қалдырған»,</poem> - деген елеңі Ақмолаға арнай айтылғандай. Меніңше, Абайдың бұл сездері кездейсоқ айтылмаған болса керек», - деп жазды (сонда. 465-6. ). Ол 1940 ж. Абайдың Москвада орыс тілінде жарық көрген елеңдер жинағына М. Әуезов жазған алғы сезіне: «Ол татардың бірінші ағартушы новаторы Шиһабетдин Марженидың еңбектерімен де танысқан» деген пікірін келтіре отырып, Абайды «атақты ақын», «ұлы ақын»деп бағалайды да, оның: <poem> «Өлең - сездің патшасы, сез сарасы, Қиыннан қиыстырар ер данасы, Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы»,</poem> - деген төрт тармағына сілтеме жасайды. С-дың Абай туралы екі мақаласы (Абай Құнанбаев. «Қызыл Башқұртстан», 1945, 19-тамыз, Менің ұстазым. «Қазақ әдебиеті», 1971, 25-мамыр) башқұрт және қазақ тілінде жарияланған.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}