Құдайкөл (палеолит дәуірі ескерткіші)
Құдайкөл – Павлодар облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген палеолит дәуірінің ескерткіші.
Географиялық орны
Павлодар облысы Екібастұз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 58 км жердегі Құдайкөл ауылының оңтүстік-батысынан 14 км жерде орналасқан.
Сипаты
1963–66 жылдары геолог Б. Әубекеров тапқан. Табылған бұйымдар леваллуа-ашель, кейінгі палеолит, голоцен дәуіріндегі тас ғасырына жатады. Палеолитке жататын Құдайкөл материалдары көл маңындағы 14 қазба орнынан жиналған. Жалпы саны – 351 дана. Құралдар бір-біріне өте ұқсас. Оларды жасағанда леваллуа техникасы пайдаланылған. Құдайкөл өндірісі тех. және типол. жағынан леваллуа-ашель мәдениетіне жатады. Сарыарқаның солтүстік-шығысындағы кейінгі палеолит осы мәдениеттен бастау алған. Құдайкөл – республиканың орталық бөлігін адамзат баласы ежелгі тас дәуірінде мекен еткендігін, оның мәдениеті үздіксіз дамуда болғанын көрсететін маңызды кешендердің бірі. <ref>Қ18 Қазақстан ғылымы: Энциклопедия./ Бас.ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2010. Т.2.– 544 бет. ISBN 9965-893-30-1</ref>