Құдабай Әбдіұлы Өсербаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Құдабай Әбдіұлы Өсербаев (1935 ж. т., Маңғыстау ауданы Шайыр ауылы) – педагог, Қазақ КСР-і «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» (1974). Атырау педагогикалық институтын бітірген (1966). 1956 – 58 ж. аудандық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде қызметкер, 1958 – 60 ж. Қарақұм қызыл отауының меңгерушісі, 1960 – 66 ж. Қарақұм мектебінде мұғалім, 1966 – 69 ж. Сам, Амангелді орта мектептерінде мұғалім, интернат меңгерушісі, 1975 – 83 ж. Ақжігіт ауылдық кеңесінің төрағасы, 1983 – 2000 ж. М.Бегенов атындағы орта мектепте мұғалім болды. «В.И. Лениннің туғанына 100 жыл» медалімен (1970), бірнеше мақтау қағаздарымен марапатталған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997; </ref>
Дереккөздер
<references/>