Құдабаева Кәмила

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құдабаева Кәмила - 1939 жылы 18 мамырда Алматы облысының Талдықорған қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, Қарағанды, Жезқазган облыстық газеттерінде,радио және теледидар редакцияларында, республикалық "Жалын" баспасында, Қазақстан Республикасы Жоғаргы Сотының "Тұра би" журналында жауапты шығармашылық қызмет атқарды <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

"Позиция—KZ" (орыс тілінде)республикалық қоғамдық-саяси газеттің тілшісі болып жұмыс істейді. "Қызыл көйлекті қыз", "Раушан гүлдер", "Ұйқысыз түндер", "Ең сұлу әйел" атты прозалық кітаптары "Жазушы", "Жалын" баспаларынан басылып шықты. "Қара кемпір", "Көз жасы", "Тірі жетім", "Жалғыздық" атты әңгімелері, "Айдана", "Қысқа интервью" повестері бар. 2004 жылы "Жазушы" баспасынан "Жалғыз хат" атты кітабы жарық көрді. Қарақалпақ жазушысы Т.Қайыпбергеновтің жасөспірімдерге арналған повестерін, орыс жазушысы Г.Немченконың балаларға арналған повестері мен әңгімелерін ("Рахмет саған, ұстазым", "Қиқар қызыл әтеш") қазақ тіліне аударды.

"Баспасөз үздігі" белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}