Құбығұл Бозайұлы Жарықбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы - 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессор. Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1951- 1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ- де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.

Қысқаша өмірбаяны

1946 Ақтөбе мұғалімдер институтын;
1951 ҚазМУ-ді бітірген.
195158 ж. Қызылорда педагогика институтында ассистент;
195877 ж. Шымкент пед. ин-тында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі;
197787 ж. ҚазМУ-де (қазіргі ҚазөУ) доцент, кафедра меңгерушісі болды.
1987 жылдан ҚазөУ-де професор;
1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады.

Еңбектері

ұылы-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандағы психология және педагогика ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психология ұғым-түсініктері жан-жақты талданған. Шығармалары: Краткий библиографический указатель по психологии (19171967), А.-А., 1967; Развитие психологической мысли в Казахстане, А.-А., 1968; Тұрмыс және денсаулық, А., 1970; Әдеп және жантану, А., 1996; Қазақ психологиясының тарихы, А., 1996; Этнопсихология, А., 1998; Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары, А., 2000.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}