Қышқылға берік заттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қышқылға берік заттар, қышқылға төзімді материалдар, қышқылдың зиянды әсеріне төзімді заттар. Металдық және бейметалдық болып бөлінеді. Металдық Қышқылға берік заттарға темір негізіндегі легирлеуші элементтері (хром, никель, марганец, тағы басқа) бар қорытпалар, түсті металдар мен олардың қорытпалары, сонымен бірге құралымдық заттар (титан, ниобий, тантал, молибден, цирконий және олардың қорытпалары) жатады. Мұндай металдар ауадағы оттекпен тотығып, тотық қабығын түзеді. Егер металдардың бетіндегі тотық қабығы мықты, берік және тұтас болса, ол оны әрі қарай бүлінуден сақтайды. Мысалы, мыс хром-никельді болаттардың күкірт қышқылына беріктігін жақсартса, хром – концентрлі азот пен фосфор қышқылына, молибден – сірке, құмырсқа, сүт қышқылдарына беріктігін арттырады. Өндірісте легирлеуші элементтердің әркелкі көлемдегі пайыздық қатынастарынан әр түрлі болаттар шығарылады. Құрамында хромның мөлшері жоғары шойындар азот, күкірт және фосфор қышқылдарына, ал кремнийлі және кремний-молибденді шойындар H2SO4, HNO3 және HCl-дың әсеріне берік болады. Мыс пен оның қорытпалары (қола) минералды және органик. қышқылдардың әсеріне, сондай-ақ, никель мен никель-молибденді қорытпалар тұз және фосфор, күкірт, азот қышқылдарына, сірке, құмырсқа және басқа органикалық қышқылдарға, ал никель-мыс қорытпалары фосфор және органикалық қышқылдарға төзімді келеді. Алюминий және оның қорытпалары азот қышқылының жоғары концентрациясына, күкірт қышқылының сұйық ерітінділеріне және органикалық қышқылдарға берік. Титан және оның қорытпалары азот, сірке, құмырсқа және басқа минералды қышқылдарға, сұйық тұзға «патша сұйығына» берік, ал титан-цирконий қорытпаларының да осы қышқылдарға төзімділігі өте жоғары болады. Цирконий мен оның қорытпалары тұз қышқылының барлық концентрациясына, фосфор қышқылына, сондай-ақ, титан және оның құймалары сияқты қышқылдардың барлығына төзімді. Өте берік заттар қатарында цирконийдің 1,5% қалайымен қорытпасы да бар. Ниобий мен оның қорытпалары тұз, азот, фосфор және күкірт (тек өте жоғары концентрациясынан басқа) қышқылдарының барлық концентрацияларына төзімді келеді. Бейметалдық Қышқылға берік заттар бейорганикалық және органикалық болып бөлінеді. Бейметалдық бейорганикалық қышқылға берік заттар кремний және поликремний қышқылдарының тұздары, мысалы, күрделі алюмосиликаттар минералды қышқылдардың бәріне берік заттар (тек балқытқыш қышқылынан басқа). Заттардың қышқылға төзімділігі олардың құрылымына байланысты, кристалдық заттардың қышқылға беріктігі аморфты заттарға қарағанда жоғары. Бейорганик. заттардың қышқылға беріктігі олардың салмағының өзгеруімен анықталады. Бейорганикалық Қышқылға берік заттар табиғи (тау жыныстары) және жасанды силикатты заттар болып бөлінеді. Табиғи заттарға гранит, базальт, мәрмәр, әктас, тағы басқа жатады. Жасанды силикатты заттарды тау жыныстарын балқыту немесе қақтап пісіру арқылы алады. Олардың қатарына кварцты және силикатты шыны, ситал мен эмальдар, тағы басқа жатқызуға болады. Бейметалдық органикалық Қышқылға берік заттарға фторлы полимерлер (политетрафторэтилен, политрифторхлорэтилен, фторкаучук, тағы басқа), фенолды шайырлар кіреді. Қышқылға берік заттар өндірісте жабын материалы ретінде қолданылады. Сонымен қатар, олар коррозияға да төзімді болғандықтан минералды қышқылдар өндірісінде аппараттардың металдық корпустарын футерлеу үшін, химиялық жабдықтар жасауда, әр түрлі құрылыстар мен қорғандар салуда, құбырлар, түтіктер, крандар жасау үшін қолданылады.

<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қышқылға берік заттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}