Қыша қағаз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қыша қағаз - бір жағына қыша ұнтағы жағылған қағаз. Пайдаланар алдында оны жылы суға салып, содан кейін денеге тікелей немесе газет, дәке, шүберек сыртынан (тері аса сезімтал болғанда) жапсырады. Қышаны дененің жапсырылған тұсы қызарғанша (әдетте 5-10 минут) ұстайды. Алғаннан кейін денеге жабысып қалған қышаны жылы сумен шайып, содан кейін ептеп сүртіп тастайды, тері қатты қызарған болса, ол жерге вазелин жағады. Қышаны қолдан дайындау үшін оның құрғақ ұнтағын (балалар үшін оны жартылай бидай не картоп ұнымен араластырады) жылы су қосып, қою ботқа болғанға дейін араластырады. Дайын ботқаны нығыздау матаға 0,5 см қалындықпен жағады. Содан кейін бетіне шүберек салып денеге жабысқанша саусақпен басып ұстайды не бинтпен таңып тастайды. Тыныс жолдары қабынғанда қышаны кеуде тұсқа (кеуденің дал ортасына) және балтырға, бронхит кезінде кеуденің бір не екі жағына, гипертонияда желкеге қояды. Тері ауруларымен ауырғанда қышаны пайдалануға болмайды.<ref>Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9</ref><ref name="source1">Қазақ тілі терминдер сөздігі I том</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер</span>

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қыша қағаз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}