Қытайдағы мәдениет төңкерісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қытайдағы мәдениет төңкерісі (қытай қазақтары Мәдениет зор төңкерісі деп атап кеткен) (не Ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс<ref>Үлгі:Zh-stpl; кейде қысқартылып 文化大革命 wénhuà dà gémìng, яғни «Ұлы мәдени төңкеріс», немесе одан да бетер қысқартылып 文革 wéngé, «Мәдени төңкеріс» деп аталады.</ref>) — Қытай Халық Республикасында орын алған, Қытай коммунистік партиясының ішіндегі билік үшін тартыс ретінде басталған, бірақ кейін бүкіл Қытай қоғамын қамтып, әлеуметтік, саяси және экономикалық бүліншілікке алып келген, бүкіл елді азаматтық соғысқа душар ете жаздаған тарихи кезең.

Ол 1966 жылғы мамырдың 16-сында Қытай коммунистік партиясының төрағасы Мау Зыдоңның пәрменімен басталды. Ресми түрде ол Қытайды «либералды буржуазиялық» элементтерден тазалау науқаны ретінде жарияланған болатын. Бірақ оның түпкілікті себебін Маудың бастаған үлкен секіріс науқаны сәтсіз аяқталып, оның билігі мен ықпалының төмендеп кетіп, оның бақталастары Лю Шаоци мен Дың Шаопинның күшейіп кетуінен көруге болады. Соның нәтижесінде ұлттық және жергілікті деңгейлерде топтардың арасында билік үшін талас басталды.

Маудың өзі мәдени төңкерісті бітті деп 1969 жылы ресми түрде жарияласа да, бұл ұғым 1969 жылдан 1976 жылы «төрт сыбайластың» тұтқынға алынғанға дейінгі кезеңді де қамтып қолданылады.


Әлеуметтік жағдайлары

Адамдардың қарсылығын басып-жаншу тәсілдерінің көбі одан ертеректе болған «Ян'ан жұмысты түзеу қозғалысының» кезінде дамытылған болатын. 1949 жылы коммунистер билік басына келгеннен кейін елде түбегейді әлеуметтік өзгерістер орын алды. Бұрынғы билеуші тап пен зиялыларға «оңшылдар», «қара ниетті элементтер» немесе «қара ниетті қарақшы элементтер» деген айдарлар тағыла бастады. Олардың үйлері тәркіленіп, Мау қолдайтын құндылықтарға сай келмейтін бұйымдардың бәрі жойылып отырды. Шығу тегі жағынан бір осалдығы бар ешкім қуғын-сүргіннен аман қалмады.<ref>Law, Kam-yee. Brooker, Peter. [2003] (2003}. The Chinese Cultural Revolution Reconsidered: Beyond Purge and Holocaust. Palgrave Macmillan. ISBN 0-333-73835-7.</ref>

Бастапқы кезеңде «Орталық баспа және хабар тарату бюросы» барлық мектептерде, әскери бөлімшелерде және барлық деңгейдегі қоғамдық ұйымдарда дыбыс зорайтқыштар орнатты. Орталық халық радиостанциясы осы саясатты жүзеге асырудың басты құралына айналды. 1960 жылдардың басына қарай ауылдық жерлерде тұратын 400 миллион тұрғын 70 миллион дыбыс зорайтқышпен қамтылды.<ref name="Miller">Miller, Toby. [2003] (2003). Television: Critical Concepts in Media and Cultural Studies. Routledge Publishing. ISBN 0-415-25502-3</ref>

Үлкен секіріс

1957 жылы Қытайдың алғашқы бесжылдығынан кейін Мау Зыдоң Қытайдағы «нағыз социализмді» құрудың жылдамдығын арттыруға шақырды. Осыны жүзеге асыру үшін ол ауылдарда коммуналар орнатып, Үлкен секірісті бастап жіберді. Жалпы бұқараны жұмылдыру ісі де осы кезден басталды. Үлкен секірістің нәтижесінде болат қорытудың және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемін 1957 жылмен салыстырғанда екі есе көбейту көзделді.<ref name="Tang" />


Тағы қараңыз

Дереккөздер

Үлгі:Reflist

Сыртқы сілтемелер