Қысым көрсету топтары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қысым көрсету топтары - билік орталықтарына тұрақты түрде қандай да бір қысым көрсететін ортақ мүддедегі қоғамдық-саяси бірлестіктер. Саяси сипаттағы мұндай топтар күші жағынан саяси партиялардың ықпалынан анағұрлым басым түсіп, басқарушы топқа ықпал етіп, елдің саяси өміріне елеулі әсер ете алады. Күшті ұйымдасқан кәсіподақтар немесе кәсіпкерлер бірлестіктерінің үкіметке өз талаптарын орындатқандығы жайлы оқиғалар аз емес. Осы мақсатта олар саяси қысым көрсетудің әртүрлі әдістерін қолданады: бүқаралық ақпарат қүралдарында үгіт-насихат кампанияларын жүргізу; арнайы талаптарға қатысты қол жинау; ереуілдер ұйымдастыру; үкіметтің жарлықтарына бағынбау; пикеттер, шерулер, т.б. наразылық акцияларын ұйымдастыру.
Саяси ғылымда қысым көрсету деп қарқыны жағынан кез келген күшті көз жеткізу талаптары түсініледі. Қысым көрсетудің ең кең тараған түрі - ол сендіруге талаптанатын адамдарға ақпарат тарату. Қысым корсету ашық түрде және заңды жолдармен жүргізілуі мүмкін. Алайда қысым көрсету, заңсыз мүдделерді көздеп немесе заңға қайшы келетін әрекеттерге барған кезде бүркемеленуі мүмкін. Егер топ өз мүддесін қанағаттандыратын шешім қабылдауы үшін қысым көрсетсе, онда ол қарапайым түрі болып саналады. Егер топ өз мүддесін қорғауды басқаға сеніп, өзі тек түр көрсетсе, онда қысым жанама түрде көрсетіледі. Егер топ тұрақты түрде, үздіксіз қысым көрсетсе, ол негізделген болып табылады.
Қысым көрсету топтарының билік органдарына ықпал етуінің негізгі тәсілдері:

  • 1) биліктің атқарушы және өкілетті органдарына өз мүшелерін сайлау, сондай-ақ әкімшілік аппараттың қызметшілері ретінде ұсыну;
  • 2) ұйым мүшелерінің парламенттік комиссия мен мекемеаралық комитеттердің жұмысына қатысуы;
  • 3) парламент, үкімет мүшелерімен, мемлекеттік аппарат ше- неуніктерімен "жолдастық" қарым-қатынаста болу.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.
ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қысым көрсету топтары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}