Қыстырынды тіркес

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қыстырынды тіркес — сөйлемнің ішінде қолданып, сөйлемдегі бір сөзді не тұтас сөйлемді қосымша түсіндіріп тұратын, өзінде қосымша мәлімет сақтайтын сөздер тізбегі. Оның құрылымдық ерекшелігі: негізгі құрамға табиғи түрде кірікпей, жақша не сызықша, кей жағдайларда үтір арқылы графикалық және интонациясы жағынан бөлекшеніп тұрады. Сондықтан сөйлемнің негізгі бөлігімен грамматикалық байланысқа енбейді. Қосымша мәлімет беріп, жеке құрылым ретінде сақталады. Қыстырындылар сөз, сөз тіркесі, тіпті сөйлем түрінде келе береді. Мысалы, Ақыры біздің Батыс Қазақстандағы Теке (Орал) қаласында туған апасы бары естіліп, Ғабдолла сонда жөнелтіледі (С. Мұқанов). Бұдан елу жыл бұрын — мың да тоғыз жүз отызыншы жылдардың жаз айы — мамырдың орта шені болатын (С. Жүнісов). Әке-шешем жұмыстарына кеткен еді (әкем бұл күндерде қойма күзетшісі, шешем мектепте үй сыпырушы болып жұмыс істейтін). (І.Есенберлин).<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}