Қырқопа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Елді мекен-Қазақстан Қырқопа (1999 жылға дейін — Кармановка) — Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданындағы ауыл, Меңдешев ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Аудан орталығы - Жаңақала ауылынан солтүстікке қарай 20 км жерде, Көшім өзенінің оң жағалауында.

Халқы

1999 жылы тұрғындар саны 945 адам (473 ер адам және 472 әйел адам) болса, 2009 жылы 1149 адамды (590 ер адам және 559 әйел адам) құрады.<ref name="source122">2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том Үлгі:Webarchive</ref>

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 696 адамды (362 ер адам және 334 әйел адам) құрады.<ref>2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары</ref>

Тарихы

1984-1997 жылдары қой өсірумен айналысатын С.Меңдешев атындағы кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 1997 жылдан Қырқопада және округтегі Балғын және Карташово ауылдарында 21 шаруа қожалығы жұмыс істеді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998, ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Жаңақала ауданы елді мекендері