Қырыққыз (кесене)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қырыққыз», Ұлытау ауданы, Егінді аулының оңтүстік шығысында орналасқан күмбез. Қара тастан киюластырып қаланған. Есігі күншығысқа қаратылған. Оның айналасында кептеген мүрде жатыр. Жергілікті тұрғындар мұны тек күмбезбен бірге қосып, «Қырык қыз қорымы» деп атайды. Күмбез бен оның айналасындағы мүрделердің қай заманда тұрғызылғаны жайында дерек жок. Тек «Қырыққызға» байланысты ел аузында қалған аңыз әңгіме ғана бар. Соның бірінде:

«Қалмақтардың кезекті бір шабуылында қолға түскен қазақ қызын калмақ қонтайшысының әйелдікке алғаны, арада көп жыл өтсе де ел-жұртын, ата-анасын ұмыта алмай зарыққан қазақ қызының ел-жұртына көмектесуді ойлағаны, ойын қызына айтып, нағашы жұртына барып, қонтайшының қашан, кай жерден шабуыл жасайтынын ескертіп тұруын өтінуі. Қыз анасының өтінішін бірнеше рет орындағаны, артынан аңдушы жіберген қонтайшы өз қызының «жауға» хабар беріп жүргенін біліп, қайтып келе жатқан жолында алдынан әскер жіберіп, қырғызып тастағаны» жайында айтынады.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}