Қырықкез қорымы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қырықкез қорымыМаңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген көне бейіт орны.

Орналасқан жері

Маңғыстау ауданы, Шайыр ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде.

Сипаты

Зират кішігірім төбеде үстінде жайғасқан және айналаны шолып қарағанда көзге алыстан жақсы көрінеді. Зират аумағында (XVI-XVII ғасырларғы тиесілі 1 кесене, XX ғасырда салынған) бірнеше кесене және әр кезеңдік сағанатамдармен қатар, созылыңқы келген тепкішекті, құлпытасы бар және кейбірінде мүлде жоқ жерлеу құрлысы, қабіртастардан – үштастар және бестас, қойтастар бар.
Қойтастар жалпақ бедерлі өрнектік оймышталып, мәнерлеп көлемді өңдеуге ие. Зират құлпытастары да жалпақ бедерлі оймыш әдісімен қашалған, жоғарғы дәрежелі көркем өрнектелуімен ерекшеленеді. Зират орта тұсында үстінде дулыға түріндегі мүсін орнатылған сандықтас бар.
Сол маңдағы көне кесене (№33) құрлысы да орта тұста орналасқан. Ол іргетассыз, саз бекітпе-балшықпен әкті-құмтастың тақта тастарынан қаланған, жоспары тік бұрышты кішігірім құрылыс түрінде. Қабырғалары Маңғыстаулық дәстүрлі тас қашау техникасында жасалған – қаптамалық қабатты қабырғалардың жалпы қаландысымен бір уақытта жасалып, құрылыс құрылымды байланыстырмаға ие болып тұр. Төбесі күмбезді жабылымды, жалған төбе әдісімен жасалған – қаландылардың қатарлары бір-бірінің үстінен мінгескен.
Зираттың тағы бір көрнекілігі сол, мұнда руы Есберді-Бәли Күржіманұлы Қашағанның жерленгендігі. Қашаған қазақ халқының белгілі тұлғасы, ақын және жырау ретінде атағы шыққан, (XIX ғасырда өмір сүрген) кісі. Қашағанның 150 жылдық мерейтойына арналып басына кесене тұрғызылған. Кесене тасты оймыштау және интерьердегі сәнді бояуды қолданумен өңірді ең жақсы сәулеттік өнер дәстүрінде жасалған. Күмбездің авторы сұлтанұлы Мақсұт Нұрқабаев.
Жергілікті дәстүрді білетін әрбір адам мұндағы кішігірім ошағы мен сырығы, тас қаландымен рәсімделген жердің тұсына тоқтап, құран оқиды. Жергілікті наным-сенім бойынша әулиенің қойылған жері осында. Қазіргі таңда зират күтімге алынған және бүкіл өңір халқының тағзым етер, зияратқа келетін жерлерінің бірі.<ref>М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер