Қырсыз төсті құстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қырсыз төсті құстар, қырсызтөстілер (Үлгі:Lang-la) — желпіқұйрықты құстардың отрядтан жоғары тобы.


Олардың аяқтары жуан әрі құрлықта жүруге бейімделген. Кеуде тұсын терілі қатпар жапқан. Төс сүйегі шағындау әрі қыры болмайтындықтан бұлар Қырсыз төсті құстар деп аталады. Жауырыны мен қарға (коракоид) сүйектері тұтасып кеткен, бұғана сүйегінің нышаны ғана бар. Құйымшақ бездері жоқ. Түтікті сүйектерінде ауа болмайды. Қырсыз төсті құстардың кивитәрізділер, нандутәрізділер, түйеқұстәрізділер, казуартәрізділер және тинамутәрізділер деген 5 отряды бар. Соңғысына жататын 2 тұқымдасының (эму және казуар) 4 түрі тек Австралия зоогеографиялық аймағында таралған. Казуарлардың аяқтары үш саусақты. Қара түсті қауырсындары (мойнында болмайды) шаш тәрізді. Басындағы едәуір үлкен мүйізді айдарының көмегімен бұтаның арасында еркін жүре алады. Олар жеке-жеке жүріп тіршілік етеді (топ құрмайды). Салмағы 50 — 80 кг, қанаттары онша дамымаған, онда бірнеше ірі мүйізді қауырсындар — қанатындағы қағушы қауырсындардың қалдығы деп саналады. Казуарлардың ортаңғы саусағындағы өткір әрі ұзын (10 см-дей) тырнағы қорғаныш қызметін атқарады. Осы өткір тырнағын жергілікті папуас тайпалары жебенің ұшына қондырып, аң аулайды. Казуардың үш түрі (айдар тұмсықты, алтын түсті, мурук) жаңа Гвинея және онымен көршілес Солтүстік-Шығыс Австралия аралдарының қалың ормандарында кездеседі. Олар сағатына 40 км жылдамдықпен жүгіре алады. Қоразы мен мекиені жұптасып (моногамды) өмір сүреді. өясына 3 — 8 жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын қораздары шайқайды, олар сонымен қатар, балапандарына да қамқорлық жасайды. Эмулардың (Dromіceіdae), биіктігі 1,5 — 1,8 м, салм. 45 — 54 кг. Оның бір ғана түрі Австралия құрлығы, Тасмания, т.б. аралдардың құрғақ далалы аймағындағы бұталардың арасында топтанып тіршілік етеді. Эмуді дәмді еті үшін аулайды. Казуарлар көбіне жемістермен қоректенеді. Жергілікті тұрғындар казуарды үй құсы ретінде қолда өсіреді.<ref>Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Ornitology-stub