Қырбас кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қырбас кесенесі – 20 ғасырдың басындағы сәулет ескерткіші. Мойынқұм ауданында Қызылотау аулынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км қашықтықта орналасқан. 1900 жылы. Биженей деген ұста салған. Қабырғалары шикі кірпіштен тұрғызылып, оның сырты мен ішкі жағы күйдірілген кірпішпен қапталған. Күмбезі екі камералы. Күмбездің жоғары жағы қираған. Күмбезді қалау барысында күйдірілген үлкен кірпіштер қолданылған. Қабырғаларының ішкі жағына қара, сары және күлгін түстермен ою-өрнектер түсіріліп, жазулар жазылған. Кесене бастапқыда Қырбастың үлкен ұлы Зейноллаға арналып салынған, кейіннен Қырбастың өзі де осында жерленген.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}