Қыран жанар
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Қыран жанар» - Абай өлеңдерінің Ригадағы «Лиесма» баспасынан 1970 ж. жарық көрген жинағы. Кітап Я. Плотниекстің ақын шығармашылығына шолу жасаған мақаласымен ашылған. Жинаққа Абайдың 25 өлеңімен «Масғүт», «Ескендір» дастандары енгізілген. Суретші Л. Буманенің ақыншығармалары тақырыбына салған суреттері берілген. Аударғандар: Я. Плотниекс, А. Скалье, А. Бианс, Б. Либцемниекс, Я. Сирмбардис, А. Елксне. Көлемі 3,58 б. т., 8000 дана болып басылған.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>
Дереккөздер
<references/>