Қынапты қурай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қынапты қурай (Үлгі:Lang-la) – шатыршагүлділер тұқымдасы, қурай туысына жататын көп жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 1 метрдей.
  • Сабағы көбінде біреу, жоғарғы бөлігінде тікенекті бұтағы бар.
  • Тамыры сым тәрізді, қысқа қиғаш тамыр сабақтарынан тарайды.
  • Жалпақ ромб тәрізді, жиекті 1-3 тамыр жапырақтары ұзын, домалақ сағақты, тақтасы жалаң, үшқұлақтана жұмыртқа тәріздене тілімделген, үшкір, ұзындығы 2-4 см. Сабақ жапырақтарының сағағы қысқа, түбіне қарай ұлғайып ұзын сабақорам жапыраққа айналады. Шатыры 15-20 тармақты, ені 6-10 см, орам жапырақсыз немесе түсіп қалатын 1-3 орам жапырағы болады, тармақтары қырлы, жалпақ жұмыртқа тәрізді шатыршасы 15-20 гүлді, күлтесі жасыл, кейде қызыл түсті, сирек түгі бар.
  • Жемісі эллипс тәрізді, ұзындығы 5-6 мм, жиектері өткір. Шілде айында гүлдеп, тамызда жеміс береді.

Өсетін жері мен таралуы

Қынапты қурай Еуразия, Солтүстік Америка жерлерінде кездеседі. Қазақстанда Алтай тауларында, Жетісу Алатауы, Іле Алатауы және Күнгей Алатауында, Батыс Тянь-Шань жоталарының жайылмасында, бұталар арасында және орман жолақтарында өседі.

Емдік қасиеті

Қынапты қурайдың тамыры мен тамыр сабағының құрамында - эфир майы, фталидтер, полиацетиленді қосылыстар, шөбінде және жемісінде - эфир майы, кумариндер, жоғары эфир қышқылы бар. Емдік мақсатта тамыры, тамыр сабағы және жапырағы пайдаланылып, ауруды басуға, қан айналымын жақсартауға, жүрекке түсетін ауыртпалықты азайтуға, қан қысымын төмендетуге, несеп айдауға қолданады. <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>