Қымыздық күмбезтамы
Үлгі:Ғимарат Қымыздық күмбезтамы – Маңғыстау облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері
Қарақия ауданы, Сенек ауылынан 170 км шығыс бағытта орналасқан.
Кезеңі
ХIХ-ХХ ғасырлар.
Сипаты
Ескерткішті 1989 жылы "Қазқайтажаңғырту" институты экспедициясы зерттеген.
Күмбезтам – 1 бөлмелі, жоспары тік бұрышты күмбезді құрлысы, дәстүрлі үйлесімде тұрғызылған: тік бұрышты призма цилиндр түріндегі барабан және конусты күмбез түрінде. Қасбеті оңтүстікке қараған және фриз қуысы мен жалпақ порталды етіп, өрнектермен өңделген. Ішкі үйлесімі әр түрлі бояулармен өсімдік және араб тіліндегі эпитафиялармен безендірілген.
Құрлыс шебері Қабанбай Жақсыбаев. Бәлі ұлы Тәтібайдың – анасы Қымыздыққа арналған күмбезтам.<ref> М19 Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени ескерткіштерінің жинағы. Маңғыстау облысы. - Өскемен: AsT prime, 2012. - 600 бет. ISBN 978-601-06-2031-5</ref>