Қылыш Нәдірбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қылыш Нәдірбаев (1895, Бозащы түбегі – 1950) – Азамат соғысының ардагері, кеңес қызметкері. 1918 – 19 жылдары Ордада кеңес өкіметін қорғайтын қазақ полкінің құрамында Деникинге қарсы ұрыстарға қатысқан. Орынбордағы «Кирцик» атындағы командирлер даярлайтын мектепте оқыған (1926). Адай уезіне қарасты Сам-Үстірт аймағында милиция бастығы, 1930 – 31 жылдары Форт-Александровск қаласының кеңес аткомы төрағасының орынбасары, 1931 жылы Алматы партия мектебінің тыңдаушысы болды. 1933 – 36 жылдары Алматы, Орал, Жымпиты, Казталов аймағында ішкі істер бөлімі мекемелерінде, 1936 – 38 жылдары Фурманов ауданы ішкі істер бөлімінің (Батыс Қазақстан облысы) бастығы қызметтерін атқарды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Форт-Шевченко ауданы партия комитетінің әскери бөлімін басқарды. Қызыл Ту орденімен марапатталған.<ref>«Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қылыш Нәдірбаев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}