Қылтамақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қылтамақ - өңештің қатерлі ісігі.

Ауру мен себептері

Мұндай ісік өңештің ішкі қабығының эпителий ұлпасында пайда болады. Қылтамақ жастардан гөрі егде жастағы адамдарда жиі кездеседі. Кейбір өңеш ауруларының асқынуы (фиброма, папилома, полип т.б.), күйік, өңеш жаралары қылтамаққа ұшыратады. Қылтамақтың басталуына үнемі ыстық тамақ ішу, сүр етті жиі жеу, тамақты асығып және шала шайнап түйіле жұту себеп болады. Мұның салдарынан өңештің кілегей қабығы қабынады.

Белгілері

Қылтамақтың алғашқы белгілерін адам сезбеуі мүмкін. Негізгі белгілері: қою, кейінірек сұйық асты жұту біртіндеп қиындайды немесе ас өңеште түйіліп тұрғандай сезіледі. Ауру күн өткен сайын асқындап, түйілу жиілей береді. Жүдеп, дене салмағы тез кемиді, әлсіз болады, терісі бозарып сарғыш тартады. Кекірік пайда болып, бара-бара сұйық ас та жүрмей қалады. Кейде дене қызуы көтерілуі мүмкін.

Алдын-алу шаралары

Қылтамақтан сақтандыру үшін тамақ ішкенде асықпай, әбден шайнап жұту, өңеш қабынып ауырғанда асқындырмау емдету қажет.

Емі

Аурудың алғашқы белгілері білінісімен дәрігерге қаралу, хирургиялық операция және дәрі ішу.<ref> Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1975ж., 7 том </ref>

Дереккөздер

<references/>