Қызыл үй

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызыл үй - сәулет өнері ескерткіші. Қостанай облысы Амангелді ауданы Амангелді ауылында. Бастапқыда Қоғалыкөл ауылында тұрғын жай ретінде 1912 ж. Аймағамбет ұста тұрғызған. 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске қатысушылар осы үйде әскери кеңес құрып, А.Имановты қолбасшы (сардар) етіп сайлаған. 1974 ж. құлауға айналған қызыл үйді сақтап қалу мақсатында, О.Жәнібековтің ұйымдастыруымен Қоғалыкөлден Амангелді ауылына көшіріліп қалпына келтірілді. Ғимарат күйдірілген қызыл кірпіштен тұрғызылған, жалпы биіктігі 3,70 м. Сыртқы аумағы 14,2х12,2 м. Ғимараттың бұғаты оймышты және өрнекті кірпіштен қаланған. 8 терезе маңдайшасы тік қалаумен иректеле әсемделген. Төбесі "итқара" тәсілімен жабылған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}