Қызыл Қазақстан журналы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

«Қызыл Қазақстан» (бұрынғы «Қазақстан коммунисі», қазіргі «Ақиқат»)- Қазақстан партия ұйымының органы. 1921-29 ж. аралығында шығып тұрған.

Журналда Ы.Мұстанбаевтың «Көркем әдебиет туралы» (1927, 2-саны) және «Біздің таластарымыз» (1928, 5-саны)деген мақалалары жарияланды. Автор алғашқы мақаласында Абай мұрасын зерттеуге көңіл аударып, абайтанудың әлі де болса жарытып ештеңе бітіре алмай отырғандығын күрделі мәселе етіп көтереді. Екінші мақалада ақын шығармаларын бағалаудағы өрескел қателіктер мен бұрмалаушылықтарға тоқталып, Абай өлеңдерінің жалпыхалықтық сипатын, арқалап тұрған әлеуметтік ауыр жүгін, тәрбиелік мәнін ашып көрсетеді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Тағы қараңыз

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}