Қызыл шие

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kirschbaumbluete 2007.JPG
Шие ағашы. Гүлденген ағаштың жалпы түрі

Қызыл шие (лат. Сerasus avіum) – раушан гүлділер тұқымдасына жататын жеміс ағашы. Ағаш бөрікбастарының биіктігі 4–8 м (кейде 10–20 м), орталығы діңгектің жуандығы 50–60 см. Гүлдері ірі, ақшыл-қызыл. Ағаштарының өмір сүру ұзақтығы 50 – 80 жыл. Өнімді тікпе көшеттері отырғызылғаннан кейін 4–6 жылдардан соң береді. Гектарынан орта есеппен 80–150 ц өнім алынады. Жемісі ерте піседі (15–25 мамыр аралығында). Жемісі етті, тәтті, ақшыл, ақшыл-қызыл, сары, кейде өте қызғылт, қарақошқыл түсті келеді. Жемісінде 7–15% қант (глюкоза, фруктоза), 0,36–1,13% түрлі қышқылдар, С витамині (дәрумені) болады. Жемістері жасаң күйінде және тосап, шарап, шырын ретінде пайдаланылады. Тұқымында 30%-ға дейін май болады, олар парфюмерияда қолданылады. Еуропа мен Азия елдерінде, оның ішінде Түркия, Иран, Ауғанстан, Қытай, Жапония, Әзірбайжан, Украина, Ресей, т.б. мемлекеттерде, облыс жерінде көп өсіріледі. Негізгі сорттары: Драгана желтая, Бахор, Айгерім, Ләззат, т.б.<ref name="test">Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

<references />

Тағы қараңыз

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызыл шие|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}