Қызыл топырақтар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызыл топырақ— топырақ түрі; ылғалды субтропиктік климат жағдайында жалпақ жапырақты орман жамылғысы астында, кейде тропиктік саванналарда түзіледі. Қызыл топырақтарға тән ерекшеліктер — құрамында темір және алюминий оксидтері жоғары, ал кремний диоксиді (кремнезем) мен негіздер төмен дәрежеде кездеседі, қарашірінді мөлшері аз (6 — 9%-дай). Темір оксидінің көп болуы Қызыл топырақтарға ашық қызыл және қызғылт сары түс береді. Кәдімгі Қызыл топырақтар 8 — 10Ә-тан 20 — 25Ә-қа дейінгі еңіс беткейлерде қалыптасады, тік беткейлерде Қызыл топырақтар аз. Қызыл топырақтардың реакциясы қышқылды және әлсіз қышқылды (сутектік көрсеткіші рН-тың мәні 5,0 — 5,7) болады. Механикалық құрамы ауыр балшықты немесе саз балшықты келеді. ТМД елдерінің ішінде тек Қара теңіздің шығыс жағалауында, Каспий теңізінің оңтүстік-батыс жағалауында, Африка, Қытай, Жапония, Вьетнам, АҚШ, Бразилия, Австралия, т.б. елдерде кездеседі. Қызыл топырақтарда екпе шай, темекі, цитрус дақылдары, жүзімдіктер мол өнім береді.

Дереккөздер

Қазақстан энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Geology-stub