Қызыл таңдай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызыл таңдай

Қызыл таңдай, ремерия (Roemerіa) — көкнәр тұқымдасына жататын бір жылдық сүт-шырынды шөптесін өсімдіктер. Қызыл таңдай, көбіне тастақты тау беткейлерінде, төбешік құмды, сазды жерлерде, жусанды шөлде, бау-бақша, егістіктерде арамшөп ретінде өседі. Қазақстанда имек Қызыл таңдай (R. refracta) және будан Қызыл таңдай (R. hybrіda) деген 2 түрі кездеседі. Биіктігі 3 — 50 (100) см, сабағы тік бұтақтанып өскен әрі қалың тікенді, түкті. Жапырақтары сағақты, қауырсын салалы екі рет тілімделген, қарама-қарсы немесе кезектесе орналасқан. Күлгін-көк, ірі, ашық қызыл түсті гүлдерінің төменгі жағында көкшіл дақтар бар. Сәуір — маусымда гүлдеп, шілдеде жеміс салады. Жемісі — бұршаққынша тәрізді қорапша. Имек Қызыл таңдай улы өсімдік, құрамында ремерин алкалоиды болады.

Дереккөздер

Қазақстан энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызыл таңдай|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}