Қызыл етті қисыққанат

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox

Қызыл етті қисыққанат (Үлгі:Lang-la) - орамжапырақ тұқымдасы, қисыққанат туысына жататын бір жылдық өсімдік.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 3-25 см, сабағы бұтақты. Тамыр жапырақтары ұзынша келген немесе жұмыртқа тәрізді, сағақты,
  • Сабақ жапырақтарының ұзындығы 1-2,5 см, ені 5-10 мм, сағақсыз, түп жағына қарай жүрек тәрізді.
  • Ұсақ гүлдері тығыз гүлшоғырына топтасқан, жеміс салған кезде көлемі ұлғаяды. Тостаған жапырақшаларының ұзындығы 1-2 мм, күлтесінің ұзындығы 2-3 мм, ақ немесе жұмыртқа тәрізді, онда 2-3 мм, ақ немесе қызғылт түсті. Бұршаққыны домалақ немесе жұмыртқа тәрізді, онда 2-3 тұқымы жетіледі. Төменгі гүл тостағаншасы бір үйлі, ұзындығы мен ені 4-5 мм, қалғандары қос үйлі, ені мен ұзындығы 8 мм-дей болады. Аналық мойнының ұзындығы 0,5 мм, тұқымының ұзындығы 1,5 мм, ені 0,75 мм-дей. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, жемістенеді.

Өсетін жері мен таралу аймағы

Қазақстанда сирек кездесетін түр. Жамбыл облысының Мойынқұм құмды алқабында, Қаратау жотасында, Талас Алатауында тасты және қиыршықтасты баурайларында өседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер