Қызыл-Тұра

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Көне қалашық Қызыл-Тұра (орыс. Кызыл-Тура) — Ескер жұртының, Түмен (Сібір) хандығының құрамындағы ортағасырлық қала. Қазіргі Ресей Федерациясы, Омбы облысының Үст-Ишим ауданында орналасқан.

Тарихы

Сурет:Қызыл-Тура қалашығы.jpg
«Кунгур жылнамасындағы» 3 қорғаныс сызығынан тұратын Қызыл-Тұра қалашығы

Қалашық С.У. Ремезовтың «Сібірдің хорографиялық кітабының» 87 бетінде Ертістің оң жақ жағалауында, Есілдің сағасынан жоғары «Иртышак патшаның қаласы» ретінде бейнеленген. Ремезовтың жылнамасында (Кунгур жылнамасы) Қызыл-Тура Есіл хандығының астанасы болып көрсетілген. Қираған қалашықтың орына 1771 жылы И.П Фальк келген. Ол қираған мешіттің мұнарасы мен тас үйдің қалдықтарын көрген. Фальктың мәліметі бойынша ол уақытта қалашықта ешкім өмір сүрген жоқ. Бүгінде Қызыл-Тура қалашығының қалдықтары Омбы облысының Усть-Ишим ауданында 1961 жылы В.А. Могильников ашқан Красноярск-ІІ қалашығымен байланыстырылады. Оның есебіне сәйкес қалашықтың аумағы, шамамен, 1500 шаршы метрді құраған. Қорғандардың арықтарға қатысты биіктігі 2 м, ал еден жағында 0,75 м-ге жетті. Могильников қалашықты зерттеу жұмыстарын жалғастырып, 1966 жылы тағы 1000 шаршы метрді қазған. 1990–2000-жылдары қалашықта Е.М. Данченконың басшылығымен Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінің археологиялық экспедициясы қазба жұмыстарын жүргізген. Қазба жұмыстары кезінде ортағасырлық қыш және металл ыдыс-аяқ, темір пышақтар, жебенің ұштары, шетелдік қола сақиналар, шыны моншақтар, қола тоғалар мен қыстырғыштар, қола мүсіншелер, сүйектен жасалған бұйымдар табылды. Әртүрлі дәуірлерге жататын ескерткіштердің арасынан Е.М. Данченко мен оның әріптестері Түмен (Сібір) хандығымен байланыстыларын анықтай алды.

Әдебиет

  • Данченко Е.М. К изучению Кызыл-Туры // Интеграция археологических и этнографических исследований. - Омск: Изд-во ОмГПУ; Изд. дом Наука, 2008. - С. 221-224
  • Матвеев А.В., Татауров С.Ф. Сибирское ханство: военно-политические аспекты истории. Казань: Фэн АН РТ, 2012. 260 с.
  • Тюменское и Сибирское ханства / под ред. Д. Н. Маслюженко, А. Г. Ситдикова, Р. Р. Хайрутдинова. — Казань: Издательство Казанского университета, 2018. — 560 с. — ISBN 978-5-00130-021-2.