Қызылқайың бөгені

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылқайың бөгені Алматы облысы Ақсу ауданы Қызылқайың ауылынан төменде теңіз деңгейінен 525 м биіктікте жатыр. 1984 жылы пайдалануға берілген.


Су сыйымдылығы 6,5 млн. м куб. Бөген Ақсу және Сарқан өзендерінің тарамдарымен, сондай-ақ Алшымбай өзенінің суларымен толысады. Суымен ауданның шығысындағы Көкжайдақ, Ақсу, Қызылтаң, т.б. елді мекендердің егістігі суғарылады және мал жайылымындағы шабындықтар суландырылады.<ref>АТАМЕКЕН: Географиялық энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 648 бет. ISBN 9965-893-70-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер