Қызылтамырша немесе артериола

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылтамырша немесе артериола (артериола); (arteriola, Үлгі:Lang-en— aya, terein — ішіндегі) — қызылтамырлар (артериялар) мен қылтамырларды (капиллярлар) жалғастырып тұратын жіңішке артерия қан тамыры. Қызылтамырша — микроойналым арнасының бастама қан тамырларына жатады. Жіңішке етті артериялар — қабықтары жұқарып, диаметрі тарылып, қызылтамыршаға айналады. Оның арнасының диаметрі 50-100 мкм. Олар тарамдалып, диаметрі жіңішкеріп, қабырғалары жұқарып қан капиллярларына ауысады. Қызылтамыршаның қабырғасы үш қабықтан құралған. Ішкі қабығы — интима өз кезегінде үш: эндотелий, эндотелийасты және ішкі эластинді жарғақ (мембрана) қабаттарынан тұрады. Ортаңғы қабығы - медианы 1-2 қабатта жатқан бірыңғай салалы ет ұлпасы миоциттері құрайды. Миоциттердің аралықтарында аздаған эластин талшықтары болады. Медиа мен адвентиция қабықтарының аралықтарында сыртқы эластинлі жарғақ болмайды. Сыртқы қабығы — адвентиция талшықты борпылдақ дөнекер ұлпасынан тұрады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызылтамырша немесе артериола|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}