Қызылорда облыстық драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызылорда облыстық драма театры

Қызылорда облыстық драма театры, Н.Бекежанов атындағы, 1955 ж. Еңбекшіқазақ (Алматы облысы) және Қаратал аудандары (бұрынғы Талдықорған облысы) жергілікті театры негізінде ұйымдастырылды. Театр шымылдығы МүсіреповтіңАқан сері — Ақтоқты” трагедиясымен ашылды. 1960 ж. театр Қызылорда қаласына көшірілді. 1970 ж. Нартай Бекежановтың есімі берілді. Театрдың іргесін қалаған актерлер Т.Айнақұлов, Ш.Бәкірова, Ж.Бағысова, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, С.Шотықов, Қ.Көпбаева, А.Манасбаев, Ш.Мәрденовтар мен тұңғыш режисері Ж.Әбілтаев болды. Театр ұжымы М.Әуезов пен Л.С. Соболевтің “Абай”, Әуезовтің “Қаракөз”, “Қара қыпшақ Қобыланды”, Мүсіреповтің “Қозы Көрпеш — Баян сұлу”, Қ.Мұхамеджановтың “Бөлтірік бөрік астында”, “Жат елде”, Т.Ахтановтың “Махаббат мұңы”, “Әке мен бала”, С.Жүнісовтің “Тұтқындар”, “Қызым, саған айтам,”, О.Бодықовтың “Нартай”, Қ.Мұқашевтың “Парторг” пьесаларын, сондай-ақ У.Шекспирдің “Король Лир”, Ф.Шиллердің “Зұлымдық пен махаббат”, Қ.Гольдонидің “Екі мырзаға бір қызметкер”, Н.В. Гогольдің “Үйлену”, Ш.Айтматовтың “Ана - Жер-Ана”, М.Кәрімнің “Айгүл елінде”, т.б. спектакльдерді сахналады. 1966 ж. театр реж. М.Байсеркеұлының жетекшілігімен В.В. Вишневскийдің “Оптимистік трагедиясын” (Қазақстан жастар одағы сыйл., 1967) қойды. Театр венгр драматургиясы (1978), неміс драматургиясы (1980), КСРО халықтары драматургиясы (1982) фестивальдарының лауреаты болды.

Режиссер

Әмір-Темір Хусейін - Қызылорда Облыстық Драма Театрының режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрында режиссер болып қызмет атқарады.Ол 1965-1966 жылдары Қарағанды қаласындағы Сәкен Сейфуллин атындағы облыстық драма театрында карьерасын актер ретінде бастаған,кейін Қызылорда облысына келді.

Жас әртіске қойылатын талаптар

Әмір-Темір Хусейін :«Театрда жұмыс істеу тек қана белгілі бір уақытта белгілі бір жұмысты істеу емес,бәрі де әртістің ынтасына және дайындығына байланысты » Қазақтың еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әмір-Темір Хусейіннің айтуынша, өнерлі адамның Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрына жұмысқа тұруы үшін арнайы оқу орындарын бітіруі тиіс.Әртістер әртүрлі дәрежеде болады.Жас әртістер осы театрға келеді және олардын бәрінің кастингтен өтуі шарт.Ол кастингте өнер адамдарына белгілі бір талаптар қойылады.Мұның бәрінен сүрібей өткен адам Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театры мүшесі атанады.Қазіргі кезде осы жерде 45 адам жұмыс істейді.Бұрын 32 адам болды.Жақында өткен кастингтен 15 адамнан тек 3 әртіс,6-7 биші қана алынды.Осыдан театр сапасы байқалады.

Дереккөздер

<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}



{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қызылорда облыстық драма театры|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}