Қызылжемсаулы қарашақаз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox

Қызылжемсаулы қарашақаз (Үлгі:Lang-la) — қазтәрізділер отряды, үйрек тұқымдасына жататын құс.


Қазақстанның солтүстік және батыс бөлігіндегі көлдерде кездеседі. Жон арқасы мен құрсағы қара, бүйірі мен құйрығының асты ақ түсті. Екі шекесінде үлкен-үлкен жирен дақтары бар, олар айнала ақ қауырсындармен көмкерілген. Жемсауы, мойнының екі бүйірі ашық қоңыр, қызыл түсті. Дене тұрқы 55 см, қанатының ұзындығы 37 см, құйрығының ұзындығы 11 см-дей, салм. 1 кг-дай. Қызылжемсаулы қарашақаз — жыл құсы. Көктемде ұшып келіп, тік жартастарға ұя салады. 3 — 6 (кейде 9) жасыл реңді жұмыртқа салады. Жұмыртқаны мекиені басады. Күзде жылы жаққа қайтып, негізінен Каспий теңізінің оңтүстігінде қыстайды.


Шөптесін өсімдіктермен қоректенеді. Сирек кездесетін құс болғандықтан, қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9</ref><ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Biosci-stub