Қызыларай қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қызыларай қорықшасы - республикалық маңызы бар табиғи-зоологиялық қорықша. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданының оңтүстігінде орналасқан. Аумағы 17,5 мың га.

Жер бедері

Қорықшаның негізгі ландшафтасына басым бөлігі граниттен тұратын Қызыларай таулары жатады.

Өсімдігі

Тау беткейлерінде сирек қарағай орманы кездеседі, бұл Сарыарқаның оңтүстігінде өскен қарағайлы орман болғандықтан, оны қорғаудың ғылыми және шаруашылық мәні зор.
Қызыларай тауларының жазық баурайында негізінен жусан, құрғақ астық тұқымдасы өсімдіктері өскен. Кішігірім өзендер мен жылғалардың аңғарында қайың, көк терек аралас шағын орман, бұталар шоғырлары мен шалғындар кездеседі.

Жануарлары

Қорықшаның негізігі жануар әлемін арқар, суыр, кекілік, ақ және сұр шіл, құр, т.б. құрайды.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер