Қызыладыр (шатқал)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Каньон Үлгі:Мағына Қызыладыр – Маңғыстау түбегіндегі шатқал.
Географиялық орны
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Құрық ауылының оңтүстік-шығысында 65 км жерде орналасқан.
Жер бедері
Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 22 км-ге созылған, енді жері 5 км. Жер бедері жазық келген. Батысында Жаман Қызыладыр қонысы, солтүстігінде Молдабай Шыңырау, оңтүстігінде Местіқара құдықтары, шығысында Қауынды ойысы жатыр.
Өсімдігі
Сұр және бозғылт топырақ жамылғысында бұйырғын, тасбұйырғын, қара жусан, т.б. сораң өсімдіктер өседі.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>