Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Музыкант Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов (19 мамыр 1964, Қарағанды облысы, Ұлытау ауданы) — қазақ тілді әнші, продюсер, бизнесмен, философия ғылымдарының докторы (2015).
Мазмұны
Өмірбаяны
- Алматы театр-көркемөнер институтын бітірген (1991).
- 1995 жылы «Айналайын» деп аталатын алғашқы жеке альбомын шығарған.
- 1996 жылдан - «АБК» тобының негізін қалаушы, мүшесі және бас продюсері.
- 2001 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің көркемдік жетекшісі.
- 2005 жылдың қаңтарынан 2007 жылдың қаңтарына дейін - Алматы қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
- 2008 жылдың сәуірінен - Астана қаласы Мәдениет департаментінің директоры.
Қоғамдық жобалары
- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы комиссиясының мүшесі және Қазақстан жастар одағы сыйлығын тапсыру бойынша комиссияның төрағасы.
Шығармашылық жобалары
АБК тобы
Ұлытау тобы
Рахат Тұрлыханов
Бангор
Қарақат
Шығармашылық жетістіктері
- «Жігер» республикалық конкурсының (1988),
- Қазақстан жастар одағы сыйлығының (1994),
- «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының (2000),
- Грозный қаласы Бүкілодақтық студент жастар конкурсының I сыйлығының (1987),
- Данияда өткен «Борнхольм-90» халықаралық конкурстың I сыйлығының (1990),
- Литвада өткен «Вильнюс» халықаралық конкурсының III сыйлығының лауреаты (1993).
- «Азия дауысы» халықаралық конкурсының дипломанты (1991).
- Голливудта өткен орындаушылық өнерден халықаралық чемпионатта «Басқаларға ұқсамайтын вокал» номинациясы бойынша I орынды және алтын медаль алды (АҚШ, 2001).
- Шешенстан мен Ингушетия Республикаларының Еңбек сіңірген өнер қайраткері (2005).
- 2013 жылы желтоқсан айында Қазақстан Республикасының жоғарғы мемлекеттік марапаты «Құрмет ордені» мен елбасының жарлығымен марапатталды.
Отбасы
- Жұбайы - Қарақат Әбілдина әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. Ұлдары - Бекболат, Иманәлі, Нұрәли,Айсұлтан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>