Қу қорықшасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қу қорықшасы, 1971 ж. құрылды. Облыстың шығысында, Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ ауылына жақын жерде орналасқан. Заказникке Мемлекеттік орман қорының жері бөлінген. Ауданы 33,46 мың га, оның ішінде орманды алкабы —16 150, жайылымы - 7154, шабындығы 1176, жыралы, тік жартасты, шашырзнды ұсақтасты жері - 10 250, су жиналған жері—19, жырғылған жері -37. Зақазник гранитті Қу тауының (теңіз деңгейінен 1366 м, айналадағы жазықтан 650 м биік) басым бөлігін алып жатыр. Оның негізгі қызмегі жануарлар мен өсімдіктердің ғылыми-практикалық маңызы бар пайдалы түрлерін қорғау, ландшафтысының басым бөлігі Балатүндік өзенінің бастауы мен Түндік өзенінің сол жақ салаларының аңғарымен тілімделген. Зақазник жерін негізінен селеулі-шөптесін және әредік тобылғы, ырғай, итмұрын бұталары, қарағайлы, кайың — көктерек орманы өскен, шалғынды таулы дала алып жатыр. Жартастардың көлеңкесінде сирек кездесетін биік тау өсімдіктері азиялық ботақөз, көп сабақғы астрагал, шерменгүл (көк гүл), Овчинников шатыры, жартас ботақөзшесі, жоңғар қызылбояуы, табан тәрізді және тармақғы өлең шөп, бозарған ожика өседі. Жануарлар дүниесі қазақтың таулы өлкесіне тән кеяеді. Андарлын 35 түрі, құсғың 70 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 5 түрі (секіргіш кесіртке, қара шұбар жылан, дала сұржыланы, қалкатұмсык жылан, сарыбас жылан), амфибияның 2 түрі (жасьи құрбақа, сүйір тұмсык бақа) мекендейді- Аңдардан елік, каскыр, түлкі, ақ қоян, борсық, ақтышқан, байбақ, дала күзені, дала шақылдағы, Қызыл және сопақ, бассұртышқан, құстардан — құр, шіл, үкі, құлақғы жапалақ, үлкен шұбар тоқылдақ, сасық көкек, көк қарға, кез құйрық, сары торғайлар, барылдақторғай, қызылқұйрык және басқалары кездеседі. Зэқазник жерін мекендейтін аркар, бүркіт, қара ләйлек КСРО «Қызыл кітабы» мен Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қу қорықшасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}