Қуат Терібаев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қуат Терібаев (1891-1952) - халық ақыны. Ауыл мектебінен оқып, ескіше білім алған. Ата-анасынан ерте айрылып, 1916 жылы патшаның маусым жарлығына ілігіп, майданның қара жұмысына алынады. 1936 жылы республикалық айтысқа қатысып, жүлдегер атанған. Терібаевтың ақын болып қалыптасуына Абайдың әсері көп тиген. Абайдың жаңашыл дәстүрін, өлеңдері мен әндерін ел ішіне насихаттаған. Абайдың дәстүрімен «Күлсағила», «Айжан-Жанша»дастандарын жазған. «Өмір жыры», «Ағынды Ақсу» шығармалар жинақтары белгілі.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

1916 жылы патшаның июнь жарлығымен майданның қара жұмысына алынды. Қазан төңкерісінен кейін ауылдық кеңестің төрағасы болды. 1936 жылы республикалық айтысқа қатысып, жүлде алды. Сол жылы «Қазақ КСР-нің халық ақыны» деген құрметті атаққа ие болды.<ref name=":0">Қуат Терібаев. https://adebiportal.kz/kz/authors/view/2023</ref>

Ақсу ұжымшар-кеңшар театрында, қызыл отауда ұзақ жылдар еңбек етті. Көптеген жыр-терме, толғау-дастандар жазды, айтыстарға қатысты. Пушкиннің «Евгений Онегин» романын дастанға айналдырып, өзінше жырлады. «Күнсағила», «Айжан–Жанша» дастандарын жазған. Ұлы Отан соғысы жылдарында үгіт бригадасын ұйымдастырды. Т.Көбдіковпен, Ж.Жантөбетовпен, Қ.Жапсарбаевпен айтысты («Айтыс», 3-т., 1966). 1951 жылы «Өмір жыры» деген атпен таңдамалы шығармаларының жинағы жарық көрді.<ref name=":0" />

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен (1939), «1941—1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезіндегі қажырлы еңбегі үшін» медалімен марапатталды (1946).<ref name=":0" />

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub