Қуаныш Ахметов
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Мағына Қуаныш Ахметов (6 қыркүйек 1946 жыл Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы - 2008 жыл Астана) - ақын, аудармашы, журналист, тарихшы.
Мазмұны
Өмірбаяны
- Алматы индустриалдық техникумын бітірген.
- Ленинград политехникалық институтты бітірді.
- Жезқазған кен-металлургия комбинатында учаске, шахта бастығы, ЖШПТ-нің бас механигі болды.
- 1991 жылдан баспасөз, әдебиет саласына біржолата бет бұрды.
- «Халық кеңесі»
- «Ана тілі»
- «Заң»
- «Қазақ әдебиеті» газеттерінде тілшілік қызмет атқарды.
- Соңғы уақытта «Фолиант» баспасында жұмыс істеп жүрді.
Шығармашылығы
- Тұңғыш өлеңі «Біздің ат» (1959) «Қазақстан пионері» газетінде жарияланған.
- «Қарлығаш»
- «Жетіген» (1981, 1984)
- «Қос арна» (1999)
- «Көзайым» (2004) атты жыр жинақтары
- «Ұлы даланың Ұлытауы» (І-том, 1999, ІІ-том, 2001)
- «Кенесары хан Ұлытау өңірінде» (2002)
- «Замана заңғарынан. С вершины времени» атты деректі проза, тарихи танымдық, публицистикалық кітаптары жарық көрген.
- Бұлардан басқа аударма (поэзия) саласында жарық көрген кітаптары бар.
- Жекелген шығармалары ұжымдық жинақтарга енген.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>
Аудармалары
- Вьетнам халқынын көсемі Хо Ши Миннің өлеңдерін
- неміс жазушысы Вилли Майнктің «Марко Полоның таңғажайып сапары» деректі кітабін
- орыс поэзиясының танымал өкілдері К.Ф. Рылеев, В.К. Кюхельбекер, А.И. Одоевскийлердің
- сібірлік әйгілі ақын П.П. Ершовтың «Сүзбе сұлу» тарихи дастанын
- ресейлік жазушы О.Г. Чистовскийдің Жезқазған өңірі жайлы баяндайтын «Жапан дала жан-жағың...» хикаятын қазақ тілінде сөйлетті.
Жетістіктері
- Қазақстан журналистер одағының С.Ерубаев атындағы сыйлығы (1996)
- «Түркістанға – 1500 жыл» халықаралық әдеби конкурс
- Кенесары хан атындағы республикалық сыйлық (2002)
- Ұлытау ауданының Құрметті азаматы (2001)
- Ырғыз ауданының Құрметті азаматы.
Марапаттары
- Өндірістегі және шығармашылық жолындағы еңбегі үшін «Еңбектегі ерлігі үшін» медалі (1984)<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>
Дереккөздер
<references/>
Сыртқы сілтемелер
Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}