Қуаныш Аскарбеков Айдосович
Үлгі:Тексерілмеген мақала Үлгі:Тексерілмеген мақала Қуаныш Айдосұлы Асқарбеков — қазақстандық параспортшы, бочча спорт түрінен Қазақстандағы алғашқы халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қазақстан Республикасының параспорт бойынша ұлттық құрамасының капитаны.
Өмірбаяны
Қуаныш Айдосұлы Асқарбеков 2023 жылы Талдықорған қаласындағы №16 орта мектепті тәмамдаған. Сол жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті «Дене шынықтыру және спорт» білім беру бағдарламасына оқуға түсті.
2023 жылдан бастап бочча спорт түрімен айналысады.
2026 жылғы 1–6 наурыз аралығында Қазақстанда паралимпиадалық қозғалыстың дамуына үлес қосқан қазақстандық қоғам қайраткері әрі спортшы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған боччадан республикалық ашық турнир өтті. Осы жарыста Қуаныш Асқарбеков жоғары нәтиже көрсетіп, I орын иеленді.
Спорттық жетістіктері
Параспорт категориясы бойынша Қазақстандағы алғашқы халықаралық дәрежедегі спорт шебері; 2025 жылдың үздік параспортшысы; Қазақстандағы халықаралық жарыстардың жүлдегері; Қазақстан тарихындағы әлемдік челленджердің алтын жүлдегері; Азия ойындарында 9-орын (Қытай, Ханчжоу); Халықаралық челленджерде 3-орын (командалық, Финляндия, Лахти); Халықаралық челленджерде 8-орын (Польша, Познань); Халықаралық челленджерде 2-орын (командалық, Бахрейн); Халықаралық челленджерде 1-орын (Бахрейн); Азия чемпионатында 7-орын (Таиланд, Паттайя); Халықаралық челленджерде 4-орын (Қазақстан, Астана); Әлем кубогында 7-орын (Оңтүстік Корея, Сеул); Жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері (БАӘ, Дубай); Қазақстан Республикасының үш дүркін чемпионы; Қазақстан Республикасының Кубогының екі дүркін чемпионы; Бочча спортынан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентін еске алу кубогының үш дүркін чемпионы.
Дереккөздер
<references/>
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университеті — ресми сайт: https://zhetysu.edu.kz
Сыртқы сілтемелер
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің ресми сайты