Қуанышбай Серікбайұлы Құрманғалиев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Infobox Biography Құрманғалиев Қуанышбай Серікбайұлы (1.6.1942 жылы туған, Қостанай облысы Әулиекөл ауданы) - ақын, аудармашы.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>
- ҚазҰУ-ды бітірген (1969).
- 1960 - 1962, 1966 - 1971, 1973 - 1976 жылдар "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас Алаш") газетінде корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында бөлім меңгерушісі,
- 1976 - 1989 жылдар "Қазақстан коммунисі" (қазіргі "Ақиқат") журналында аға редактор, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары,
- 1978 - 1986, 1990 - 1994 жылдар "Жалын" баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор,
- 1986 - 1988 жылдар Қазақ энциклопедиясының бас редакциясында бөлім меңгерушісі,
- 1995 - 1996 жылдар Дүние жүзі қазақтары қауымдастығында бас маман және "Ел" баспасының бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазақ білім академиясының вице президенті - Республикалық баспа кабинетінің директоры, "Ғылым" ғылыми баспа орталығының бас директор қызметтерін атқарған.
Шығармашылығы
- Тұңғыш өлеңдер жинағы "Арман аралы"'Полужирное начертание' 1981 жылы жарық көрген.
- "Қош, қалқатай" (1990) өлеңдер жинағы жарық көрді.
- Құрманғалиев дат жазушысы Г.Х.Андерсеннің "Таңдамалы ертегілерін" (1984), орыс жазушылары И.Стрелькованың "Шоқан" деректі повесін (1985), О.Балтушистің "Өмір өткелдері" (1985) романын, Б.Шубиннің "Доктор Чехов" (1979), В.Севостьянов, Г.Анисимовтың "Жұмыр жердің перзенті" (1981), "Орыс халық ертегілерін" (1990) қазақ тіліне аударған.
Дереккөздер
<references/>