Қоңқасова Гүлжан Ақынбайқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоңқасова Гүлжан Ақынбайқызы1957 жылы Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Көкпек ауылында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген (1981). Г.Қоңқақова "Қайнар" баспасында 1982—1994 жылдар аралығында әуелі кіші редактор, кейін жоспарлау, қадағалау және насихат редакциясында редактор болып қызмет істеді <ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық", Алматы,"Білім" баспасы, 2005 жыл - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Ол негізінен баспада шыққан кітаптарды радио, телевидение, өзге де баспасөз беттерінде насихаттау, жарнамалау жұмыстарымен айналысты.

Республика көлеміндегі әртурлі кітапханалармен байланыстар орнатып, оқырмандар конференциясын жиі өткізіп тұрды.

Гүлжан Ақынбайқызының осы еңбектері кезінде өз жемістерін беріп, "Қайнар" басылымдарының халық арасында кең тарауына белгілі дәрежеде ықпал жасады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}