Қоңыр сарықас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Орташа денелі сарықас. Қоңыр сарықастың жоны - қоңыр, бауыры-ақшыл қоңырқай; реңінде жасыл және сары түстер болмайды, көзінің үстіндегі жолақ -ақшыл. Қимылы басқа сарықастарға ұқсас. Шақыру белгісі - айқабақтікі тәрізді - "шөпілдету". Әуені - ысқырық, үнді сарықас әуеніне ұқсас төрт буыннан құралады. Бұл сібірлік сарықас Қазақстанда тек қана өзендердің аңғарын бойлай қалаң өскен мойыл, тал-тоғайлы және биік таулардағы тарбақ қайыңды орман бар Алтайда өмір сүреді. Бүйірінде кіретін ауызы бар шар тәрізді ұяларды жер бетіне бауырлай өскен бұталар бұтағына орналастырады. Салындада 4-6 теңбелсіз ақ жұмыртқалар болады.Ұялау тіршілігінің қалған егжейтегжейлері беймәлім. Қоңыр сарықастар балапандар ұядан ұшқан соң таудың етегіне таман төмен түсіп, қыркүйекте қыстауға ұшып кетеді.

Дерексөздер

"ҚҰСТАР" мектеп энциклопедиясынан


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қоңыр сарықас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}