Қоңды газдар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоңды газдар. Газдық факторы 11-33 мың м3/м3 аралығында, яғни құрамындағы конденсат мөлшері 30-90 см3/м3 аралығында болып келетін қойнауқаттық газдар. Қоңды газдар этанның, пропанның және бутанның жоғары мөлшерлерімен сипатталады. Қоңды газдар көмірсутекті топтарға жатады, оның құрамындағы ауыр көмірсутектер мөлшері біршама жоғары көрсеткіштермен сипатталады. Сол ауыр көмірсутектерді кіріктіру мүмкіндігіне орай, табиғи газдар бірнеше түрлерге жіктеледі: құрамындағы ауыр көмірсутектер мөлшері 25% және одан да жоғары болса, олар нақ осы қоңды газдар қатарына жатады; бұл көрсеткіші 5-25 % аралығына сәйкес келген жағдайда олар "жартылай қоңды газдар", 1-5 %-ға сәйкес келгенде "жартылай жұтаң (құрғақ) газдар", 0-1 % аралығында болғанда "жұтаң (құрғақ) газдар" деп аталады. Гипоргендік әсерлерге ұшырамаған мұнай жатындарының, солардың ішінде газконденсатты жатындардың газдары нақ осы қоңды газдарға жатады. Сапропель тектес органикалық заттар есебінен, солардың катагендік өзгерістері салдарынан қалыптасқан газдарда осы категорияға жатпақ. Құрамы көмірсутектерге жатпайтын қоңды газдардар өте сирек ұшырасады.<ref>Мұнай және газ геологиясы танымдық және кәсіптік-технологиялық терминдерінің түсіндірме сөздігі. Анықтамалық басылым. — Алматы: 2003 жыл. ISBN 9965-472-27-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}